ФИО: Ақан Таңшолпан Серғазықызы
Отзыв:
«Балдырған балаларды дамыту орталығында” 17.11.2023ж “Ашық есік” күні жарияланды. Ата-аналар тәрбиешілердің жұмысын, балалардың жұмысы күндерін қалай өткізетінің өзкөздерімен көруге мүмкіндік алды. Бүгін “Дарын” тобында Лаура Абдылхамитқызының ашық сабағына қатысып тәрбиешілеріміздің қандай еңбекпен айналысатынын көрдім.
Ашық сабақтың бірінші бөлімі сәлемдесуден басталды, бізге жақсы көңіл- күй сыйлап, ары қарай балалар қазақ халқының “Алма ағашы” ертегісін көрсетті. Барлық балалар дайындалған, әрбір кейіпкердің өз костюмі болды. Ертегінің мазмұның балалар өздері айтып берді. Сабақ мазмұнды және қызықты өту үшін балалар ойын ойнау арқылы сандарды таба білді, сондарына қарай түстерін ажырата отырып отырып, қол-саусақ жаттығуларын жасады.
Келесі кезекте Динара Тұрсынқызының музыка сабағында ән айтуды, би билеуді қалай жүргізетінін көрдік. Динара Тұрсынқызы өз сабағын ойын түрінде өткізді. Барлық балалар музыка сабағына белсенді қатысты. Біз Динара Тұрсынқызына алғысымызды айтамыз. Содан кейін Маржангүл Омарқызының балаларымызды мектепке қалай дайындап жатқанын көрдік. Қозғалмалы ойындарды және дидактикалық материалдарды пайдалана отырып, балалар сабақты жақсы менгеруде. Осындай еңбегі үшін Маржангүл Омарқызына мың алғыс!
Келесі кезекте Маржан Дауренқызының ағылшын үйірмесіне қатыстық. Маржан Дауренқызы балаларды ойындар ойнау арқылы тапсырмалар орындатқыза отырып, өте қызықты сабақ өткізді. Балалар ағылшын үйірмесіне белсенді қатысты.
Түскі асқа дейін біз балалармен бірге далаға серуенге шықтық. Далада біз балаларымызбен бірге қозғалмалы ойын ойнадық. Сол күні Лаура Абдылхамитқызының балаларға қойған барлық тапсырмалары орындалды. Сабақтың құрылымы жақсы ойластырылған. Балалар күні бойы белсенді қызығушылық танытты, өйткені белсенділік үнемі өзгеріп отырды!
Қорыта келгенде біз балаларымыздың балабақшадағы бір күндік өмір тынысымен таныстық. Біздің балалармызға осындай жағдай жасап отырған балабақшамыздың меңгерушісі Майгүл Бектұровнаға алғыс айтамыз!
Құрметті тәрбиешілеріміз Лаура Абдылхамитқызы мен Гүлмира Тендикқызы сіздердің еңбектеріңізге көп рахмет. Денсаулықтарыңыз сау болсын, еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Ата-аналар комитетінің мүшесі: Ақан Таңшолпан Серғазықызы.
Добавлен:
2023-11-21 17:02:33