«Digital TEACHER»

2023 жылғы 15 қараша күні Абай облысы білім басқармасының "Облыстық инновациялық әдістемелік орталығы" КММ ұйымдастыруымен "Digital TEACHER" хакатонының облыстық кезеңі өтті. Облыстық кезеңге өңірлерден іріктелген 13 команда қатысты. Семей қаласынан Шәкәрім атындағы №5 гимназия, № 1 ЖОББМ, №12 ЖОББМ, №19 ЖОББМ, №29 ЖОББМ командалары бақ сынады. Нәтижесінде Шәкәрім атындағы №5 гимназия командасы ІІ орын, № 1 ЖОББМ команадасы ІІІ орын иеленді. Әріптестері мен әділқазылар алқасының шешімімен № 12 ЖОББМ информатика пәнінің мұғалімі Асылханов К. "Digital TEACHER" номинациясымен марапатталды. Сайыс жеңімпаздары мен қатысушы командаларды құттықтаймыз!!!