
«Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын арттырудағы қолданылатын әдіс-тәсілдер»семинар-практикумы
Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жетекшілеріне «Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын арттырудағы қолданылатын әдіс-тәсілдер»тақырыбында семинар-практикумы өткізілді.Бастауыш сынып мұғалімдері Есенгулова Куралай Жанибековна, Омариева Арай Амантаевна (№23 ЖОББМ), Байжулданова Гульмира Бекеновна, Кағазбаева Қымбат Рамазановна (№16 ЖОББМ) семинар тақырыбы бойынша шеберлік сынып өткізді. Педагогтер Жунусова Бақтыгул Даулетказовна, Кожахметова Дидар Ошановна (№6 гимназиясы) «Кітап-білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті.Іс-шара қатысушыларына жұмыс тәжірибесінен қызықты, мазмұнды презентациялар ұсынылды. Семинар соңында қатысушылар пікір алмасып, кері байланыс орнатты. Семинар-практикум мұғалімдерге тәжірибені кеңейтуге, білім беру үдерісінде белсенді әдіс-тәсілдермен танысуға мүмкіндік берді.