адрес:Семей қ,
Кабанбай батыр көшесі, 30
«2020-2025 жылдарға арналған «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Мектеп жасына дейінгі балаларды әдебиеттік шығармалармен таныстыруда кіріктіру қағидасын жүзеге асыру» семинар-практикумы
10-11-2023 09:19

Мектепалды даярлық тәрбиешілерінің қатысуымен  «2020-2025 жылдарға арналған «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  «Мектеп жасына дейінгі балаларды әдебиеттік  шығармалармен таныстыруда кіріктіру қағидасын жүзеге асыру тақырыбында семинар-практикум өтті. Семинардың бірінші бөлімінде білім бөлімінің әдіскері Гаухар Молдаханованың алғы сөзі тыңдалды. Ол семинардың мақсаты және міндеттерімен таныстырып, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  мектепалды сыныптарда атқарылған жұмысы жөнінде айтып өтті. Семинар барысында тәрбиешілер Мухаметжанова Айгул Токтасыновна, Алимханова Сауле Зейнелкабденовна (№18 ЖОББМ), Сембаева Алмагуль Хапезовна, Караталова Гулмира Аргынбековна, Альсеитова Гулжазира Талгатовна (№45 ЖОББМ), Кожахметова Айгуль Кажиевна, Кусаинова Айнур Мустафаевна (№46 ЖОББМ), Наймангазина Арайлым Сериковна (№9 ЖОББМ) өздерінің іс-тәжірибесінен теориялық баяндамалар, қызықты презентациялар ұсынды, әріптестерімен тәжірибелік сабақтар өткізді. Семей қаласы мектепалды даярлық тәрбиешілерінің қалалық әдістемелік бірлестігінің жетекшілері Шаризанова Альфия Фаритовна, Абеуова Айнаш Нурбековна, Шүлбі ЖОББМ тәрбиешісі Мұсахан Шырын Серікқызы «Қазақстан Республикасы оқу-ағарту Министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ өткізген біліктілікті арттыру курстары туралы баяндады.  Іс-шараның соңында қатысушылар пікір алмасып, кері байланыс орнатты.