
Бастауыш сынып мұғалімдерінің қалалық әдістемелік бірлестігінің отырысы
Секция отырысында бастауыш сынып мұғалімдері жинақталған тәжірибелерімен алмасады, педагогикалық жаңалықтармен бөліседі. №16 Т.Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің базасында «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы қолданылатын әдіс-тәсілдер» тақырыбында қалалық секция отырысы өткізілді. Отырыста заманауи оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері және STEM-технологияларды қолдану негізінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру аспектілері қарастырылды. №7 ЖОББМЛ бастауыш сынып мұғалімі Жансеитова Кульпан Шаймуратовна STEM-технологияны қолдану тәжірибесімен бөлісті. Ол өз ұжымындағы ынтымақтастық тәжірибесі, мектеп STEM-зертханасындағы оқушылардың іс-әрекеті, зерттеу жобаларымен жұмыс істеу барысында STEM-технологияны қолдану туралы айтып берді.Иманалинова Махаббат Муратовна (№10 ЖОББМ) сыни ойлау стратегиялары негізінде математикалық сауаттылықты дамыту тәсілдері жөнінде баяндады. Ниязбекова Роза Оралбековна (Талица ЖНББМ) бастауыш сынып оқушының ауызша сөйлеуін дамыту бойынша оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін ұсынды. Мадиева Кульбаршин Ашимовна(№9 ЖОББМ) каллиграфиялық жазудың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту тәсілдерінің бірі ретінде маңыздылығына тоқталды, ұсақ моториканы дамыту тәсілдерін көрсетті. Рефлексия кезінде қатысушылар іс-шара барысында алған білімдерінің маңыздылығы жөнінде айтып