«Мектептерге арналған PISA»

2023 жылғы 6-14 қараша аралығында Семей қаласының 12 мектебінің 544 оқушысы «Мектептерге арналған PISA» халықаралық зерттеулеріне қатысып жатыр. Мектептерге арналған PISA - бұл ЭЫДҰ әзірлеген, оқушылардың дағдыларын бағалауға және мектеп/колледж әкімшілігіне 15 жастағы оқушылардың сыни ойлауын, өз білімін жаңа мәнмәтіндерде іскерлікпен қолдана алуын түсініп талдауға көмектесетін бағдарлама. Бағалау бағыты: Оқу, математика, жаратылыстану.
Зерттеуге қатысушылар:15,3-тен 16,2-ге дейінгі жас аралығындағы оқушылар.
- Мектептерге арналған PISA зерттеуі оқушылардың халықаралық деңгейде салыстырылатын үлгеріміне, оқуға деген көзқарасына және оқу ортасы туралы ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.
- Ол оқушылардың табысты әрі қарай білім алуы және еңбек нарығына шығуы үшін қажетті білімдерін, дағдыларын және құзыреттерін өлшейді.
- Мектеп климаты, оқушылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы және олардың оқуға деген мотивациясы және басқа да көптеген факторлар туралы маңызды ақпаратты қамтамасыз ету.
- Мектеп нәтижелері ұлттық нәтижелермен және PISA зерттеуіне қатысатын басқа елдердің нәтижелерімен салыстырылады.
- Зерттеуге қатысушы мектептер оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған әдістемелік материалдар мен қатысушы елдер мектептерінің тәжірибесі жарияланған жоба қатысушыларының жаһандық платформасына қол жеткізе алады.