адрес:Семей қ,
Кабанбай батыр көшесі, 30
«Алтын тұғыр» Республикалық математикалық олимпиадасының қалалық кезеңі
07-11-2023 12:24
«Алтын тұғыр» Республикалық математикалық олимпиадасының қалалық кезеңі

«Алтын тұғыр» Республикалық математикалық олимпиадасының қалалық кезеңі

Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын жетілдіру, мұғалімдердің шығармашылық әлеуеті мен педагогикалық шеберлігін дамыту, мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру мақсатында «Зерделі ақыл-ой дамыту»  білім беру  орталығы және «Дарын» Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» Республикалық математикалық олимпиадасының қалалық кезеңі өткізілді.Аталмыш іс-шараға Семей қаласы білім беру мекемелерінің 196 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Олимпиада нәтижесі бойынша: І жүлделі орынды  9 мұғалім, ІІ жүлделі орынды 42 мұғалім, ІІІ жүлделі орынды 47 мұғалім иеленді. 22 педагог олимпиадада ерекше жетістігі үшін грамотамен марапатталып, 76 мұғалімге сертификаттар табысталды.