«KazRoboSport-2023» спорттық робототехника бағыты бойынша республикалық чемпионаты

Астана қаласында 3-7 қараша аралығында өтіп жатқан «KazRoboSport-2023» спорттық робототехника бағыты бойынша республикалық чемпионатына Семей қаласынан №22 жалпы орта мектеп-лицейінің оқушылары:Адильбек Султан, Қабыкенов Әділжан, Абдукәрімов Жәнібек, Сапаралы Азат және Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназияоқушысы Жұмабеков Әкежан қатысып жатыр. Осы оқушыларды робототехника әлемінде жетелеп, осындай ірі жарыстарға апарып жүрген жетекшілері Тайтулеуова Гульнар Серикбековна,Тусупханова Айнаш Кенесбековна, Хамитов Алмат Мейрұлы оқушыларымен бірге Астана қаласына барып, додада жанкүйер болып отыр. Оқушыларымызға сәттілік тілеп қояйық! Жеңіспен оралуларын күтеміз!