
Қазақстан Республикасы күніне арналған Семей қаласының жалпы білім беретін мектептерінің педагогтері арасында волейболдан қалалық турнир 2023 жылғы 31 қазаннан 2 қарашаға дейін "№32 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ-де өтеді. Турнирдің салтанатты ашылуы 31 қазанда өтті. Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің басшысы Б.З. Булабаев, қалалық мәслихат депутаты М. Е. Еділбекова, "№32 жалпы орта білім беретін мектеп " КММ директоры А. Е. Сүлейменова, №41 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ директоры Х. А. Раимханов құттықтау сөз сөйледі. Жарыстың ашылу салтанатына Семей облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің бас мамандары А.Ш. Тасжуреков, Р. В. Файнуллаева, "№ орта жалпы білім беретін мектеп-кешені" КММ директоры Б. К. Құрманғалиева қатысты. Үш күн ішінде турнирде Семей қаласы мектептерінің 14 командасының қатысушылары жарысады.Жыл сайын мұғалімдер арасында өтетін волейбол турнирі әрқашан өте жарқын, әсерлі спорттық іс-шара болып табылады.