
Республика күні қарсаңында «Таза Семей-2023» экологиялық акциясына белсене атсалысқан білім ошақтары марапатталып, ақшалай сертификаттар табыс етілді. Семей қаласы білім бөлімінің «Экономикалық лицей» КММ, Семей қаласы білім бөлімінің «No22 орта мектеп-лицейі» КММ, Семей қаласы білім бөлімінің «No25 жалпы орта мектебі» КММ, Семей қаласы білім бөлімінің «Знаменская орта мектебі» КММ, Семей қаласы білім бөлімінің «Приречная орта мектебі» КММ Үздік деп танылды. Қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып, ұжымдық бірлік танытқан әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз.
Сондай-ақ «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» медалімен Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «No15 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ директоры Әбілқасимов Қайырбек Ануарбекович, «№19 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің сурет пәнінің мұғалімі Мануленко Наталья Петровна қала әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.