Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
Қалалық химия пәні мұғалімдері бірлестігінің 2023-2024 оқу жылындағы алғашқы отырысы болып өтті.
12-09-2023 21:38
Қалалық химия пәні мұғалімдері бірлестігінің 2023-2024 оқу жылындағы алғашқы  отырысы болып өтті.

Семей қаласының № 4 ЖОББМ базасында қалалық химия пәні мұғалімдері бірлестігінің 2023-2024 оқу жылындағы алғашқы  отырысы болып өтті.  Отырысты «Абай облысы Семей қаласының білім бөлімі» ММ әдістемелік кабинетінің әдіскері Қ. Р. Ахметкулова ашып, ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтады. 2023-2024 оқу жылындағы алға қойған мақсаттар , нормативтік құжаттармен таныстырып өтті.

 № 7 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Мусабекова А.Р  «Оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін арттыру» тақырыбы бойынша өз  іс-тәжірибесімен бөлісті.

«Мектеп жанындағы интернаты бар  №42 ЖОББМ» КММ химия пәнінің мұғалімі А.К. Каупбаева «2023-2024 оқу жылында ҚР орта білім ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатпен таныстырды.

Пән мұғалімдері күнтізбелік – тақырыптық жоспардың оқу бағдарламасына сәйкестігін нақтылады. Жас мамандарға әдістемелік кеңес, бағыт –бағдар берілді.