
Семей қаласының тарих пәні мұғалімдерінің отырысы
2023-24 оқу жылының басында қалалық тарих пәні мұғалімдерінің кезекті отырысы болды.
Модераторлар: Қалалық тарих пәні мұғалімдерінің ӘБ жетекшілері Киприянова И.А.–№ 18 ЖОББМ тарих пәні мұғалімі, Оразалин Куат Аманжолович - Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназия» тарих пәні мұғалімі өткен оқу жылғы нәтижесімен және жаңа оқу жылдың әдістемелік нұсқау хатымен мұғалімдерді таныстырды. Қала мектепттерінің мұғалімдері: Помозова Елена Николаевна - № 6 гимназия, педагог-зерттеуші, Борашева Гаухар Бейсехановна тарих пәні мұғалімі, педагог-сарапшы «Қ.Рысқұлбеков атындағы №33 ЖОББМ» КММ, Имангожина Назгуль Турсынгазиновна тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, «Т.Аманов атындағы , №16 жалпы орта білім беретін мектеп, Кемербаева Гульнур Амантаевна тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, № 27 жалпы орта білім беретін мектеп, Балыкбаев Максат - Экономикалық лицейінің тарих пәні мұғалімі өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты.