
Мектепалды даярлық тәрбиешілеріне арналған семинар-практикум
«2020-2025 жылдарға арналған «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Мектепке дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін дамыту» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Аталмыш іс-ашараға оқыту қазақ тіліндегі қала және қала маңындағы мектептердің50 мектепалды даярлықтың тәрбиешісі қатысты. Семинарда тәрбиешілер «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары мен мектепалды сыныптарында 2023-2024 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру туралы» әдістемелік нұсқау хатымен танысты.Білім бөлімінің әдіскері Молдаханова Гаухар Аманжоловна, мектепалды даярлық тәрбиешілерінің қалалық әдістемелік бірлестік жетекшісі Абеуова Айнаш Нұрбекқызы (№25 ЖОББМ) жаңа оқу жылындағы мектепалды даярлықтағы өзгерістер туралы айтты. Шығармашылық топ мүшелері Мусанова Анар Айткалиевна (№15 ЖОББМ), Нуралдинова Гульбаршин Қайруллаевна (№36 ЖОББМ) мектепалды даярлықтағы құжаттар жөнінде баяндады.№19 ЖОББМ мектепалды даярлықтың тәрбиешілері Абетаева Динара Солтановна, Кумганбаева Бибигул Суинбаевна, Турабаева Анар Айдахметовна «Еркін ойын арқылы балалардың ойлау қабілетін дағдыландыра отырып дамыту» тақырыбында шебер-сыныбын (мастер-класс) өткізді. «Мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылығын логикалық ойындар арқылы дамыту» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен тәрбиешілер Нурсейтова Жангуль Серикжановна, Адуова Куралай Нурлановна (№8 ЖОББМК) бөлісті. Түрксіб ЖОББМ мектепалды даярлықтың тәрбиешісі Жакаева Қарлығаш Кайноллаевна «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кіріктірілген дамытушы ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық әрекетін дағдыландыру» тақырыбында қызықты және мазмұнды ақпарат ұсынды. Іс-шара соңында қатысушылар жаңа оқу жылының жұмыс жоспарымен танысты және рефлексия жүргізілді.