
Мектепалды даярлық тәрбиешілерінің секция отырысы
Жалпы орта білім беретін мекемелердің мектепалды даярлықтың тәрбиешілеріне «2020-2025 жылдарға арналған «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Мектепке дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін дамыту» тақырыбында секция отырысы өткізілді. Отырыста педагогтер «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары мен мектепалды сыныптарында 2023-2024 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру туралы» әдістемелік нұсқау хатымен танысты. Жаңа оқу жылында мектепалды даярлықтағы өзгерістер туралы мектепалды даярлық тәрбиешілерінің қалалық әдістемелік бірлестік жетекшісі Шаризанова Альфия Фаритовна баяндады. Мектепалды даярлықтың тәрбиешілері, шығармашылық топ мүшелері Бекжанова Асия Алемхановна (№35 ЖОББМ), Веселова Татьяна Петровна (№32 ЖОББМ), Шаризанова Альфия Фаритовна (№7 ЖОББМЛ) «Квест-ойын «Чуковский ертегілер бойынша саяхат» атты мастер-класс өткізді.«Оқырман балалар – мәдениетті дамыған ел», «Оқырман балалар – еліміздің болашағы» тақырыбы бойынша тәрбиешілер Жакупова Сауле Камрановна (№29 ЖОББМ), Хасенова Анар Кошкенгалиевна (№14 меткп бақшасы) өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Мектепалды даярлықтың тәрбиешілеріСалимбаева Айнур Темирболатовна, Жетібаева Мәдина (№4 ЖОББМ) «Әкем, анам, мен – оқырман отбасы» тақырыбында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында балалармен жүргізілген жұмыстары жөнінде айтты. Білім бөлімінің әдіскері Молдаханова Гаухар Аманжоловна секция қатысушыларын 2023-2024 оқу жылының жұмыс жоспарымен таныстырып өтті.Отырыс соңында қатысушылар пікір алмасып, кері байланыс орнатты.