Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
«Кіші мектеп жасындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбындағыбастауыш сынып мұғалімдерінің секция отырысы
11-09-2023 09:57
«Кіші мектеп жасындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбындағыбастауыш сынып мұғалімдерінің секция отырысы

  «Кіші мектеп жасындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбындағыбастауыш сынып мұғалімдерінің секция отырысы

Оқу жылы басталуы қарсаңында «Кіші мектеп жасындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында  секция отырысы өткізілді. Аталмыш іс-шараға оқыту  орыс тіліндегі жалпы орта білім беретін мекемелерінің 40 бастауыш сынып мұғалімі қатысты. Білім бөлімінің әдіскері Гаухар Молдаханова секция отырысын ашып, қатысушыларды секция бағдарламасымен таныстырды және алдағы жылы оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша ұсыныстарын айтты. Қалалық бастауыш сынып мұғалімдері Қауымдастығының жетекшісі Ирина Александровна Борисова 2023-2024 оқу жылында оқу-тәрбие үдерісін құру ерекшеліктеріне  талдау жасап, қатысушыларды бастауыш мектепте білім беруді реттейтін нормативтік құжаттары мен «Қазақстан Республикасының  орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2023-2024 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы»  әдістемелік нұсқау хатымен таныстырды. Н.Г.Чернышевский атындағы №1 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Елена Викторовна Шаповалова кәсіби жетістіктері туралы айтып, математикалық сауаттылықты дамыту және кіші мектеп жасындағы балаларды пәндік олимпиадаларға даярлау бойынша тәжірибесімен бөлісті.

№30 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Светлана Александровна Шестакова әртүрлі жанрлар мен мәтін түрлерімен жұмыс барысында оқу дағдыларын дамытудың нақты әдістерін көрсетті. №28 ЖОББМ жас маманы Зарина Маратовна Аканова оқуды үйрену кезінде мотивацияны арттырудың жолдарымен бөлісті және

өз тәжірибесінде сандық білім беру ресурстарын пайдалану туралы баяндады.

Өткізілген іс-шара бастауыш сынып мұғалімдері жұмысының негізгі бағыттарын, сондай-ақ ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің бірқатар мәселелерін анықтауға көмектесті.