Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Мектептегі физика сабағы: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары»
04-08-2022 18:12
«Мектептегі физика сабағы: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары»

«Мектептегі физика сабағы: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары»

Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен,Абай облысы  Семей  қалалық білім бөлімінің  қолдауымен өткізілген физика пәні мұғалімдерінің «Мектептегі физика сабағы: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» педагогтердың  біліктілік арттыру курсында біліктілігімізді жоғарлаттық.

Курстың мақсаты: физика пәні мұғалімдерінің пәндік білім саласындағы инклюзивті білім беру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, пәнді оқыту сапасын арттыру үшін оқу жетістіктерін бағалауға арналған тапсырмалар әзірлеу саласындағы кәсіби құзіреттілігін арттыру.

Курстың білім беру бағдарламасы төрт бөлім бойынша жүргізілді: 1.Пәндік құзіреттілікті дамыту: физика пәнінің аясындағы өзекті тақырыптар;   2.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту; 3.Сыныпта инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру;4.«Физика» пәні бойынша бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау.

Курс уақытында тренердің дәрістерінен бізге ұнағаны - жаратылыстану сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды орындау және талдау,оқу мақсаттарына сәйкес тәжірибеде қолдану,оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып және тиімді оқыту стратегияларын қолдана білім беру процесін құрылымдау, бағалауға арналған тапсырмаларды дайындау, оқу мақсаттарына сәйкес қысқамерзімді жоспар әзірлеу және физиканың математикалық тілі.

Пәндік құзіреттілікті дамыту аясында: «Кванттық және атомдық физика»бөлімдері бойынша блок-схемаларды құру, модельдеу, Астрономия бойынша құрылымдалған есептерді құрастыру,  толқындық оптика бойынша эксперименттік және практикалық есептер шығару, «Газ заңдары» мен «Термодинамика негіздері» бөлімдерін оқытудың тұжырымдамалық тәсілдемелері және тағы  басқадай тақырыптарда білімімізді арттырдық.

Курс тренері Өскемен қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінің  ұстазы Тусупжанов Айдын Елеусизовичке үлкен рақметімізді айтамыз, еңбегіне жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыстар тілейміз!