Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Өрт сөндірушілер мұражайына экскурсия
01-07-2022 10:29
Өрт сөндірушілер мұражайына экскурсия

Маусым айының 29-шы жұлдызында балалар мен жастардың шығармашылық сарайының «Жұлдыз» атты жазғы оқыту алаңының балалары өрт сөндірушілер мұражайына экскурсияға барып қайтты. Экускурсия жүргізушісі балаларға арнайы 40 минуттық бағдарлама дайындады. Бағдарламаның басы өрт сөндірушілер ғимараты және алғашқы жұмыс атқарған азаматтар жайлы ақпараттан басталды. Сонымен қатар, арнайы теледидардан өрттің қалай пайда болуы туралы және қалай оны сөндіру жайлы көріністі паш етті. Экскурсияға қатысқан барлық балалар жақсы әсер, пайдалы ақпарат алып, естелікке фотоға түсті.