
Маусым айының 17-25 аралығында Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығы полигонында Балалар жылы және Қарулы Күштердің құрылғаның 30 жылдығына арналған 8-республикалық «Айбын» әскери - патриоттық жастар жиыны өтті. Биылғы жылы жиында 600-ден аса қатысушы бақсынауда. Олардың қатарында республика өңірлеріндегі әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, Астана, Шымкент, Алматы, Қарағанды қалаларындағы «Жасұлан» республикалық әскери мектептерінің, Павлодар қаласындағы әскери мектеп-интернатының, Семей қаласындағы мамандандырылған «Жасұлан» ер балалар мектебінің тәрбиеленушілері бар.
Жиын бағдарламасы «Айбын дарыны» интеллектуалды ойыны, «Айбын жұлдызы», «Жас тілші»-Жас сарбаз конкурсы, «Смарт сарбаз» роботехникалық конкурсы, пневматикалық винтовкадан атыс, белтемірге тартылу, шалқадан жатып кеудені көтеру, қорғаныш костюмін кию, автоматты жинақтау мен бөлшектеу әскерилендірілген эстафета ойындарын қамтыған. Жиын барысында балалар бірегей дайындық мектебінен өтіп, қазақстандық армияның заманауи техникасы мен қару-жарағын тамашалап, өздерінің күштері мен мүмкіндіктерін сынап көрсетті. Сондай-ақ, тәжірибе жинақтап, жаңа достар тапты. Биылғы жарыс табысты, дода қызу әрі тартысты өтті. Соның нәтижесінде Семей қаласының «Абай қырандары» әскери –спорттық, патриоттық клубы жалпыкомандалық бесінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаз командалар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Смарт сарбаз» роботехникалық конкурсы -3 орын, Қыздар арасында шалқадан жатып кеудені көтеру сайысында «Абай қырандары» әскери патриоттық клубының тәрбиеленушісі Дружинина Ангелина - 1 орынды иеленді. Күш-жігерлерін тасып, абыройларын арта берсін, айбындықтар!