
Семей қаласы №1 балалар музыка мектебінде 26.05.2022 ж. мен 17.06.2022 ж. аралығында Балалар жылы аясында жазғы мектеп жоспарлы түрде жұмыс істеді. Жазғы мектепте домбыра музыкасы, фортепиано мен ішекті аспаптар музыкасының концерті қойылып , аспаптар туралы ақпарат балаларға таныстырылды. 30.05.2022 жылы хор музыкасының фестиваль – мерекесінде Бесқарағай ауданы музыка мектебінің оқушылар хоры өз өнерлерімен бөлісті. Шүлбі кенті музыкалық бөлімшесі мен Қайнар ауылы музыкалық бөлімшесінде 1 маусым балаларды қорғау күніне арналған концерт және №38 мектеп-лицейі музыкалық бөлімшесінде «Ертегі музыкада өмір сүреді» деген атаумен концерт ұйымдастырылды. Теория бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР Мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл толуына орай әдеби –музыкалық викторинаға балалар қызығушылықпен қатысып, берілген викториналық сұрақтарға жауап берді. 2021-2022 оқу жылында әр түрлі байқауға қатысқан жеңімпаздар мен жүлдегерлерді ұлықтау салтанатты іс шарасында ұлт аспаптары туралы таныстырылып, аспапта орындаушылардың концерті өткізілді. Сонымен бірге ойын –сауық және музыкалық бағытта іс шаралар ұйымдастырылып, 17.06 .2022 жылы жазғы мектептің жабылуы салтанатты жиынында белсенді оқытушылар мен балалар марапатталды.