Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Абай елінің ұрпақтары» атты жаздық шығармашылық алаңы
21-06-2022 16:36
«Абай елінің ұрпақтары» атты жаздық шығармашылық алаңы

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады.   Жазғы каникул балалардың жылдың бос уақытының айтарлықтай бөлігін алады. Ол мектептегі сабақтан гөрі баланың еркіндікке, өзі үшін қызықты істерді жасау және өз мүдделерінің еркін дамуы үшін қажеттіліктерін жүзеге асыратын кезең.

Балалар өз мүмкіндіктерін, бос уақытында жеке басына қажетті дене және әлеуметтік қажеттеліктерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әлеуметтік орта – яғни жазғы шағын шығармашылық алаң екені даусыз.

Біздің балет мектебінің жаздық шығармашылық алаңының мақсаты – балалардың ой-өрісін дамыту, мәдениетке, биге деген белсенділігін арттыру, ұлы Абай елінде өмір сүріп жатқандығын сезіндіру, сол ұлы елдің ұрпақтары екенін аңғарту, жоғары дәрежеде құлшыныстарын арттыру, нәтижесін халықаралық сайыстар арқылы биіктен көрсету.

Осындай алға қойған мақсаттардың арқасында Балет мектебінде Жаздық топтар жұмыс атқарады. Яғни демалысқа 2022 жылдың мамыр айының 26-нан бастап өздерінің жаппай жаздық шығармашылық алаңын бастап кетті. Барлық ұжым жұмылдырылды. Үлкен дайындықтармен, жоспар бойынша ең алдымен мектептің абыройын көтерген, Абай Құнанбаевтың шығармашылығын басты мақсатқа ала отырып,  «Отанның шуағы» атты қазақ БАЛЕТінің қойылымын Абай театрында атап өтті. Ол үлкен ауқымды қойылым, өйткені онда қазақ халқының ерте заманындағы тағдырынан бастап, Абай ғасырымен ұштастырып, қазіргі заман, яғни болашағы зор тәуелсіз Қазақстанның өмірін сомдап өтті (фото суреттер 1,2,3,4,5). Балет жоғары дәрежеде өтті деген баға берілді.

Келесі кезекте шығармашылық алаң жоспар бойынша 1 маусым балалар мерекесінде өз өнерлерін көрсетуге Балет мектебінің оқушылары дайын болды. Ол Ертіс жағалауында жоспарланды. Балет мектебінен 22 шығармашылық топ жұмыс атқарды. Яғни, 22 би номері дайын тұрды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты - басқарманың басшылығымен концерт тоқтатылып, жартылай өтті. Соған қарамастан оқушыларымыздың белсенділігі өте жоғары болды (фото суреттер 6).

Абай елінде дүниеге келген балаларымыздың би әлеміндегі жоғары дәрежесін көрсету, өз өнерлерін елге, халыққа паш ету мақсатында, жоспар бойынша оқушыларымыз 2-12 маусым аралығында Алматы қаласына «Jas Daryn» атты «THEBEST»халықаралық конкурс-фестиваль жобасына қатысып келді. Өте мықты дайындықтарының арқасында би-Мұғалімі Качанова А.С.-ның басқаруымен 6,7 сынып оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, Вальс –Вип Гран При, Көнетастар - Гран При және В пещере горного –деген би 1-ші орынды иеленді.(фото суреттер 7,8,9,10).  

Ал 2022 жылдың 2-ші маусымнан бастап, «Абай елінің ұрпақтары» шығармашылық топ өз жұмыстарын одан әрі жандандыра түсті. Яғни жопар бойынша күнделікті дайындықтар өткізіледі мектепте. Ол топтар екі ұстазбен тікелей жұмыстар атқарады. Және оқушылар жас ерекшеліктеріне қарай екі топтан құралған. Жоғарғы топтағы оқушылар алдағы жоспарланған сайыстарға кесте бойынша дайындықтарын өткізіп жатыр. Алға қойған мақсаттары алда өтетін халықаралық «Арена танцев» деген конкурс-фестивальге қатысу, өз өнерлерін паш етіп, нәтиже көрсету. Дайындықтар күн тәртібі бойынша қамтылған (фото суреттер 11,12,13,14,15).  

Маусым айының басында бекітілген Семей қаласының Абай облысы болуын атап өту, құттықтау мақсатында «Абай елінің ұрпақтары» шығармашылық топ өздерінің құттықтауларын жолдап, балет мектебінің шаңырағында шағын «Абай облысы - халық мақтанышы» атты концерт өткізді. Жаздық шығармашылық топпен жүрген балалардың барлығы үлкен үлес қосып, ат салысты. Олар Абай Құнанбаевтың өмрі мен шығармашылығына тоқталып, өлеңдерін оқып, құттықтауларын білдірді. Бала болса да, олардың қуаныштары бет жүзінен көрініп тұрды. (фото суреттер 16,17,18,19).  Біздің мақсат өскелең ұрпаққа осындай кештер арқылы, ұлы мақтанышымыз – Абай Құнанбаевтың қасиеттерін бойына сіңіру.  

Біздің шығармашылық топ өз өнерлерін №30 орта мектеп шаңырағында да паш етіп, өздерінің аға-апайларын құттықтап, би өнерлерімен таң қалдырды.(фото суреттер 20,21).

Негізгі басты талаптары өскелең ұрпақтан нәтиже шығару болғандықтан, келген уақыттарында алдағы жоспарланған конкурсқа дайындықтар жасайды. Кесте бойынша әр топ өз уақыттарында келіп, өз талаптарына сай жұмыстарын атқарады. Алдағы мақсаттар бойынша әлі де көптеген жетістіктерге жететін жоспарлары көп.