Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Биологиялық орталықтағы жазғы экскурсиялық - экологиялық лагерь
20-06-2022 16:27
Биологиялық орталықтағы жазғы экскурсиялық - экологиялық лагерь

Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында, "Балалар жылы - 2022" шеңберінде жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін бекіту және толықтыру мақсатында биологиялық орталық қала және қала маңындағы мектеп оқушылары үшін жазғы экскурсиялық – экологиялық лагерь есігін айқара ашты. Балалар демалыс уақытын белсенді өткізіп, әлемнің флорасы мен фаунасын оқып зерттейді. Лагерь 1500-ден астам оқушыны қамти отырып, балалардың күндізгі келуімен ұйымдастырылады. Балалар үшін танымдық экскурсиялар, таза ауада ойындар мен көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып, жануарларды қолға үйретіп, сондай-ақ биологиялық және экологиялық квесттер, конкурстар, пікірталастар өткізіледі.