Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Жазғы мектептің аяқталуы туралы
17-06-2022 17:10
Жазғы мектептің аяқталуы туралы

2022 жылғы 26 мамыр мен 17 маусым аралығында қала мектептерінде  барлық ниет білдірген 1-8, 10 сынып оқушылары үшін «Жазғы мектеп» ұйымдастырылды.

Жазғы мектепке 9970 бала барды.

340 топта 1-4 сыныптардың 5204 оқушысы, 287 сыныпта – 5-8 сыныптардың 4487 оқушысы, 42 сыныпта – 673 оқушы оқыды.

Жазғы мектеп үшін оқушылар таңдаған пәндерге сәйкес сабақтар, жеке сабақтар кестесі жасалды.

Мектеп педагогтері ұсынылған күрделі тақырыптарды ескере отырып, КТЖ әзірледі, оқытудың дәстүрлі емес нысандары мен әдістері қолданылып, тәрбиелік іс-шаралар өткізілді.

Жазғы мектеп барлық санитарлық - гигиеналық нормаларды сақтай отырып, жұмыс істеді.