Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
«Абай қырандары» әскери-патриоттық клуб командасының «Айбын-2022» VIII республикалық жастар жиынына қатысуға дайындығы туралы
17-06-2022 15:13
«Абай қырандары» әскери-патриоттық клуб командасының   «Айбын-2022» VIII республикалық жастар жиынына  қатысуға дайындығы туралы

«Абай қырандары» әскери-патриоттық клубының командасы 2022 жылғы 17-26 маусым аралығында Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығында өтетін «Айбын-2022» VIII республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысады. Әскери-патриоттық жиын бағдарламасында келесі конкурстар: «Айбын дарыны» зияткерлік ойыны, «Жас Сарбаз-Жас тілші» жас журналистердің медиа – конкурсы, «Smart Sarbaz 2022» роботты техника конкурсы, «Айбын жұлдызы» шығармашылық конкурсы, әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстар: белтемірге тартылу, белтемірден денені көтеру, арқада жатып тұру, АК-74-ті толық бөлшектеу және құрастыру, арқан тарту, пневматикалық винтовкадан ату, плащ түрінде ОЗК кию, әскерилендірілген эстафета, әскери-далалық тактикалық ойын. «Абай қырандары» ӘПК командасын дайындау жиын бағдарламасының барлық түрлері бойынша жүзеге асырылды.

Республикалық жиынға шығар алдында «Абай қырандары» командасының Семей қаласы әкімінің орынбасары А.Садырбаевпен, ШҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Е. Рамазановпен кездесуі ұйымдастырылды, кездесу барысында олар Айбындықтарға сәттілік пен жеңіс тіледі.