Жазғы кәсіптік бағдар беру лагері

Қазіргі таңда мамандық таңдау – адам өміріндегі маңызды және жауапты қадам. Оқушыларға кәсіби бағдарлау және болашақ мамандығын анықтауға ықпал ету – ең маңызды мәселенің бірі.
Осыған орай, кәсіптік бағдарлау жұмыстарының жалғастырылуына байланысты, бизнес және сервис, радиотехника және байланыс, электротехникалық және көлікколледждерінде 2022 жылғы 1 маусымнан бастап, 7-8 сынып оқушылары үшін, жазғы демалыста кәсіптік бағдарлау лагері өз жұмысын бастады.
М. Әуезов атындағы педагогикалық колледждің жазғы кәсіптік бағдар беру лагерінің жұмысы 15 маусымнан басталады.