Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Білім жолы» облыстық зияткерлік марафоны
02-06-2022 10:19
«Білім жолы» облыстық зияткерлік марафоны

Мектепалды даярлық сыныптарының дарынды балаларды дамыту және қолдау, олардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал ету мақсатында «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» Өскемен қаласында Балалар жылына арналған «Білім жолы» облыстық зияткерлік марафонын өткізді.Марафонға Шығыс Қазақстан облысының қала және аудан мектептерінен 150 тәрбиеленуші қатысты. Марафон «Математика және логика», «Табиғаттану», «Полиглот», «Спорттық викторина», «Шығармашылық», «Театр», «Әдебиет», «Discovery»  бағыттары бойынша өткізілді. Конкурстық бөлім жол парағы бойынша квест түрінде әр түрлі станциялардан өтуден ұйымдастырылды. Тапсырмалар стандартты емес жағдайларда білім, білік және дағдыларды қолдануды қарастырды. «ШҚО білім басқармасының Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» КММ мектепалды даярлық сыныбының тәрбиеленушілері Серік Айша, Амангельды Амина, Ертай Көркем, Шаріпқан Алдияр, Дәукен Имран, Айару Құсанова құрамындағы «Достық»командасы Семей қаласының намысын қорғады.  

Салтанатты марапаттау рәсімінде марафон қатысушыларына үздік білімдері үшін кубоктар мен грамоталар, ал облыс әкімінің атынан кеңсе тауарлар салынған рюкзактар мен тәттілер табыс етілді.

Дарынды балалармен жүйелі және мақсатты түрде жұмыс жүргізетін тәрбиешілер  Қ.Кабакова, С.Щепакина,С.Куандыковаларды атап өтуге болады.