Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Халықаралық балаларды қорғау күні
02-06-2022 09:59
Халықаралық балаларды қорғау күні

Жаздың бірінші күніне сәйкес келетін Балаларды қорғау күні халықаралық мәртебеге ие болған ең ауқымды мерекелердің бірі болып табылады.

1 маусым күні Ертіс жағалауында Халақаралық балаларды қорғау күніне арналған қалалық іс-шара ұйымдастырылды. Балаларды Семей қаласының әкімі Б.Байахметов құттықтады.

Балаларға арнайы 12 алаң: техниқалық модельдер, роботтар көрмесі, мектепке дейінгі ұйымдар, спорттық эстафета, № 1 музыка мектебі ұйымдастырған музыкалық алаң, балалар өнер мектебінің жас суретшілер аллеясы, аула клубтары қауымдастығы, асфальттағы сурет байқауы, «Бақыт көкжиегі», асық атудан«Алтын сақа» турнирі, спидкубинг бойынша шеберлік алаңдары жұмыс жасады,

Қосымша білім беру ұйымдары: Балалар мен жастар шығармашылық сарайы, балет, татар өнер мектептерінің қалалық, облыстық, республиқалық байқауларының лауреаттары дайындаған мерекелік концерт өтті.

1 маусымда балалардың жазғы каникулы басталды. Барлықтарыңызға тамаша демалыс, жаңа оқу жылын жаңа талпыныспен қарсы алуды тілеймін.