Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Жаздың кереметі!
01-06-2022 15:01
Жаздың кереметі!

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру әрдайым машыққанадамдардың ісі болғандықтан, мектеп жанындағы лагерьлер балалардың денсаулығын нығайту, олардың толыққанды демалуы үшін жағдай жасауға арналғандықтан, балалардың шығармашылық, ұйымдастырушылық және басқа да қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша2022 жылғы 26 мамырда қала сыртындағы «Радуга» лагерінің базасында қала мектептерінің тәлімгерлеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар өтті.

Семинарға 30-ға тарта  қала мектептерінің тәлімгерлері қатысты, оларға арнайы: мектеп жанындағы лагерьдің үздік жарнамасына бейне роликтер конкурсы және «Лагерь өмірінен бір күн» оқыту тренингтері өткізілді.

Бұл іс-шара барлық қатысушыларға тамаша көңіл-күй сыйлады.