Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Оқушыларға «Қола» деңгейдегі медаль тапсыру
30-05-2022 16:09
Оқушыларға «Қола»  деңгейдегі медаль тапсыру

Семей қаласының мектеп оқушыларына «Қола» деңгейдегі «Елбасы медалін» тапсыру салтанаты өтті. Семей қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Н. Фесенко салтанатты жағдайда 8 мектеп оқушысына «Елбасы медалін» тапсырды. «Қола» деңгейдегі: № 4, № 22, № 23, № 28, №31, №37, № 38, экономикалық лицей оқушылары 7 негізгі бағыттан тұратын – спорт және дене шынықтыру, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, еріктілік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасынан өтіп осы деңгейдің тапсырмасын орындады. Семей қаласының белсенді,талантты да дарынды жастары осы бағдарлама талабына сай жұмыс нәтижесін көрсетуде. Оның ішінде мектеп оқушыларының нәтижелері қуантады. Бөлімінің басшысы Н.Анатольевна: Барлық ізгі армандарың орындалып, өмір жолдарың ашық, болашақтарың жарқын болып, егеменді еліміздің білікті Азаматы болып өсе беріңдер – деген тілегін айтып, оқушылармен ескерткіш суреттерге түсті.

Қаламыздың дарынды оқушыларының жетістігі мен табысы еселей берсін! Оқушылардың ата-аналары мен ұстаздарына әрқашан қуаныштар мен сәттіліктер тілейміз!