Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Түрлі-түсті сәттер»
30-05-2022 15:02
«Түрлі-түсті сәттер»

2022 жылы мамырдың 26 – шы жұлдызында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей қорығында Балалар жылына орай, Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы 2 – ші корпусының «Түрлі-түсті сәттер» атты сурет көрмесінің ашылуы салтанатты түрде өтті.

Мақсаты: сұлулықты жан-тәнімен сезе білетін, өзінің табиғи талантын қолдана алатын, белсенді балалардың үздік жүмыстарын қала тұрғындары мен қала қонақтарына паш ету. Көрмеге кескіндеме және графика техникасында жасалған, сонымен қатар жүн мен жіптің суреттерімен 100-ден астам жұмыс қойылған.

Жыл сайын көрме қонақтары Бейнелеу өнері және қолөнер студиясы тәрбиеленушілерінің шығармашылық жұмыстарына оң пікірлерін қалдырады. Оқушылар, ата-аналар сонымен қатар мұражай ұжымы шараның ашылу сәтінде мадақтама, алғыс хаттармен марапатталды.