Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Биологиялық орталықтағы соңғы қоңырау!
30-05-2022 14:53
Биологиялық орталықтағы соңғы қоңырау!

Семей қаласының балалар биологиялық орталығы оқу жылына қорытынды жасады, 721-дан астам балалар экологиялық-биологиялық бағыттағы 55 үйірмеде оқуын аяқтады. Жыл бойы оқушылар тірі табиғаттың қайталанбас жұмбақ әлемінің қыр-сырын таныды: қызықты таным жорықтар, жануарлар, флора мен фаунаның таңғажайып әлемі туралы фильмдер, туған өлкенің тарихы туралы әңгімелер, қаланың көрнекті жерлері, халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар. Сонымен қатар оқу жылында жас натуралистер қаншама зерттеулер мен тәжірибелер жүргізді десеңші!

Бүгінгі таңда орталықтың жас натуралистері экологиялық мәселелерді шешу үшін алдымен туған өлкенің экологиялық жағдайын зерттеп, қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығын түсінеді.

Биологиялық ғылымдарға аса құштар балалар жыл бойы түрлі деңгейдегі байқауларға қатысты. Экологиялық-биологиялық бейіндегі қосымша білім беру бағдарламаларын үздік игергендері және орталықтың қоғамдық өміріне белсенді қатысқандары үшін 150 тәрбиеленуші құрмет грамоталарымен марапатталды, 9 тәрбиеленушіге «2022 жылғы байқау жеңімпазы», 91 тәрбиеленушіге «2022 жылғы байқау жүлдегері» атақтары берілді.

Оқу жылы аяқталысымен 30 мамырдан бастап биологиялық орталық қыздар мен ұлдарға жазғы экологиялық лагерьдің есігін айқара ашуға дайын. Оқушыларды біздің аймақтың флорасы мен фаунасын зерттеу бойынша табиғатқа қызықты экскурсиялар, орталықтың жануарларымен қарым-қатынас, олардың биологиясын зерттеу, ойындар, тренингтер күтіп тұр, сонымен қатар балалар қалаладан тыс жерде таза ауада демалып, денсаулықтарын нығайтады. Ал үйірмелерге қатысатын жаснатуралистер үшін туған өлкенің қала сыртындағы аймақтарының табиғи кешендерін зерттеу бойынша кезекті көшпелі оқу-зерттеу экспедициясы өтеді.

Балалардың табиғат аясында серуендеуі әрбаланың жан дүниесін табиғатпен қарым-қатынасқа ашады, сұлулықты сезінуге, нем құрайдылықты жеңуге және әлемді құтқарушыларды тәрбиелеуге үйретеді деп сенеміз.