Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Алтын тұғыр» Республикалық математикалық олимпиадасы
12-01-2022 11:20
«Алтын тұғыр» Республикалық математикалық олимпиадасы
Нұр-Сұлтан қаласында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, мұғалім тұлғасының шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы «Зерделі» білім беру орталығымен бірлесіп бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» Республикалық математикалық олимпиадасын өткізді. Олимпиада мұғалімдердің зерттеушілік және шығармашылық өзін-өзі дамытуы үшін жағдай жасауға, математиканы оқыту процесін жетілдіруге бағытталған. Аталмыш іс-шараға республиканың барлық аймақтарынан 100-ден астам педагог, Шығыс Қазақстан облысы білім беру мекемелерінен 9 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Семей қаласының атынан конкурсқа «А.Байтұрсынов атындағы №47 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Кәкімжанқызы Индира қатысып,  олимпиада нәтижесі бойынша ІІІ жүлделі орынға ие болды.
«Алтын тұғыр» Республикалық олимпиадасының жүлдегерін құттықтаймыз!