Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Қалалық өңірлік жұмыс тобының отырысы
11-01-2022 11:40
Қалалық өңірлік жұмыс тобының отырысы

Семей қаласының №4, 8, 10, 11, 12, 18, 19, 21, 26, 31, 35, 42, 43, 44, 47 жалпы орта білім беретін мектептері және Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназиясында  «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуды зерделеу сапасын мониторингінің қорытындысы бойынша қалалық өңірлік жұмыс тобының отырысы өткізілді. Бұл іс-шараға білім беру мекемелері директорларының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері және бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Жұмыс тобының мүшелері Г.Молдаханова, М.Шакиртова, Г.Торсықбаева өзін-өзі танудың 57 сабағына қатысты. Зерделеу барысында мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетілді, сабақ өткізу, сабақ кезеңдері: жағымды  көңіл-күй, адын ала берілген үй тапсырмасын тексеру, жағымды ой-пікір (дәйексөз), оқиғалар айту (әңгімелесу), шығармашылық жұмыс, үй тапсырмасы, топпен ән айту, сабақтың қорытынды сәтін сақтау бойынша ұсыныстар берілді. Өзін-өзі тану кабинеттерінің жағдайы зерделенді.