Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Облыстық өңірлік жұмыс тобының отырысы
11-01-2022 11:32
Облыстық өңірлік жұмыс тобының отырысы

 «Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша өңірлік жұмыс тобының отырысы өткізілді. «2021-2022 оқу жылында Шығыс Қазақстан облысы білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту жағдайы мониторингінің қорытындысы туралы» мәселелер қарастырылды. Бұл іс-шараға базалық және пилоттық білім беру ұйымдарының директорлары, өзін-өзі тану мұғалімдері, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты. Отырыста Семей қаласы бойынша білім бөлімінің әдіскері Г.Молдаханованың «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуды зерделеу сапасын мониторингінің қорытындысы туралы ақпараты ұсынылды. Ол жұмыс тобының мүшелері М.Шакиртова, Г.Торсықбаевалардың атқарған жұмысы, өзін-өзі тану сабақтарына қатысуы жөнінде баяндады. Зерделеу барысында мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетілді, сабақ өткізу, сабақ кезеңдері: жағымды  көңіл-күй, адын ала берілген үй тапсырмасын тексеру, жағымды ой-пікір (дәйексөз), оқиғалар айту (әңгімелесу), шығармашылық жұмыс, үй тапсырмасы, топпен ән айту, сабақтың қорытынды сәтін сақтау бойынша ұсыныстар берілді.