Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Жаңа жылдық шырша»
30-12-2021 16:28
«Жаңа жылдық шырша»

Мектеп Парламентінің және «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының 150-ден астам көшбасшылары 29 желтоқсанда қаланың орталық алаңында, ең үлкен жаңа жылдық шыршаның жанында жиналып, барлық мектеп оқушыларын келе жатқан жаңа 2022 жылмен құттықтады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Семей қаласының «Жас Ұлан» ББЖҰ қатарына қала мектептерінің ең лайықты 5000 оқушысы қабылданды. Бүгінгі таңда ұйым қатарында 25000-нан астам балалар мен жасөспірімдер бар.

«Жаңа жылдық шырша»  деп аталатын жаңа жылдық мерекеде балалар бір-біріне бейбітшілік, жақсылық және, әрине, көтеріңкі көңіл-күй  тіледі! Жаңа жылдық атмосфера мерекеге музыкалық құттықтаулар менмейірімді Аяз Ата, Көңілді Ақшақар және басқа да ертегі кейіпкерлерінің жаңа жылдық тілектерін жолдады, ал мерекенің шарықтау шегі жаңа жылдық әндерге арналған ең үлкен дөңгелек би және жаппай флешмоб болды.

Жыл қорытындысы бойынша білім бөлімінің грамоталарымен Семей қаласы мектептерінің үздік тәлімгерлері марапатталды!

Бұл мереке жақсы эмоцияғатолы болды,  және балалардың көңілдері шаттықпен жағымды әсерде болды! Жаңа 2022 жыл құтты болсын, қымбатты семейліктер!