Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
№12 «Ажар» бөбекжайындағы «Қош келдің, Барыс жылы!» атты ертеңгіліктері
29-12-2021 15:55
№12 «Ажар» бөбекжайындағы «Қош келдің, Барыс жылы!»  атты ертеңгіліктері

2021 жылдың 22-28 желтоқсан аралығында  №12 «Ажар» КМҚК бөбекжайында  тәрбиеленушілерге    мерекелік көңіл-күй сыйлау, көркемдік-эстетикалық тәрбие беру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ата-аналар мен балабақша арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында Жаңа жылдық  музыкалық  ертеңгіліктер  өткізілді.

Жаңа жыл мерекесі балалар мен  ересектердің  ең сүйікті мерекесі. Сондықтан жаңа жыл мерекесіне дайындық ерте басталды. Ұстаздар балалармен бірге тақпақтар жаттап, әндерді үйреніп, би қимылдарын меңгерді.

Топ бөлмелері  мен музыка залын безендіру бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Музыкалық залдағы жаңа жылдық сыйлықтарға толы шанасы бар бұғылар, ұлпақарлардан жасалған қысқы пейзаж, сондай-ақ әдемі безендірілген фотозона көздің жауын алады. Залдың ортасында әдемі безендірілген шырша тұр.

Жаңа жыл мерекесін тойлауға балалар карнавалдық костюммен келді. Жаңа жылдық қойылымға қатысқан тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер  өздерінің актерлік шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті. Олар Аяз ата мен Ақшақар, Мыстан кемпір, Маша мен Аю,  Хоттабыч атай, көңілді Сайқымазақ, кішкентай Гномдар, Қоян және Түлкі сияқты ертегі кейіпкерлерін үздік сомдап, балалар мен үлкендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Жаңа жылдық ертеңгіліктерді қорытындылай келе, төмендегідей орындар тағайындалды.

Мектепалды даярлық топтар бойынша:

1. «Ең үздік ертеңгілік» - І орын – «Қарлығаш» мектепалды даярлық  тобы, ІІІ орын- «Жұлдыз-ай мектепалды даярлық тобы».

Ересек топ бойынша:

«Ең үздік ертеңгілік»- ІІІ орын - «Талшын» ересек тобы;

Ортаңғы топтар бойынша:

«Ең үздік ертеңгілік»- ІІ орын-«Айдария» ортаңғы тобы, ІІІ орын- «Балапан» ортаңғы тобы;

Кіші топ бойынша:

ІІ орын  –«Аяла» кіші тобы.