Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Ғажайып алаң» интеллектуалды ойыны
15-12-2021 15:14
«Ғажайып алаң» интеллектуалды ойыны

2021 жылдың 14 желтоқсан күні №12 «Ажар» бөбекжайында «Жұлдыз-ай» және «Қарлығаш» мектепалды даярлық топтары   бүлдіршіндері  арасында  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне -  30 жыл»  тақырыбында « Ғажайып алаң» интеллектуалдық ойыны өткізілді. Тәуелсіздік  сөзінің  мағынасын тәрбиеленушілерге  түсіндіру  мақсатында ойын басында, ата-бабамыздың  қазақ  жерін қалай қорғағаны, тәуелсіздігімізге  қалай қол  жеткізгеніміз жайлы  тарихымыздан  қысқаша бүлдіршіндерге «Тарихқа үңілсек...» атты  бейнеролик көрсетілді.

«Ғажайып алаң» интеллектуалды ойыны  3  кезеңнен тұрды. Ойынға қатысушы бүліршіндер «Жұлдыз-ай» тобынан  Ахметов Айзат, Болатбекова Раяна,  Кеңесбек Кәусар, Куанбаева  Аяру, Рахметолла Тайр және « Қарлығаш» тобынан Саят Әлем, Мүслемғазы Дәулет, Қанатбек Аяла, Берікбол Бексултан, Қанат Елдос  Тәуелсіздік, Отан, туған жер , Рәміздерге сипаттама беру  жайлы сұрақтарға белсене жауап беріп,  өз білімдерін  көрсете алды. Әр кезеңнен жеңіске  жеткен үш бала  Ахметов Айзат, Муслемғазы Дәулет,  Болатбекова Раяна ақтық мәреге шықты. Ал  осы ақтық мәреде өзінің ұшқыр ойымен, білімділігімен  «Карлығаш»  мектепалды тобының тәрбиеленушісі Мүслемғазы  Даулет  жеңіске жетті. Әр  кезең соңында балабақша  өнерлі бүлдіршіндері  « Қарлығаш»  тобы «Қазақстаным - Отаным менің» атты әнін,    «Жұлдыз-ай» тобы тәрбиеленушілері   Куанбаева Айару мен Кеңесбек  Кәусар- «Біз  бақытты  баламыз» әнін   және жеке дауыста Қанатбек Аяла «Домбыраның  күмбірі»атты әнін орындап,   тамаша көңіл - күй сыйлады. Ойын  барысында көрермен  боып отырған балалармен  де тақырыпқа сай  сұрақтар  қойылып,  ойын  өткізілді. «Ғажайып алаң»  интеллектуалдық  ойыны  соңында жеңімпазды  және  қатысушы  бүлдіршіндерді  балабақша  меңгерушісі Сейсембаева  Ж.С. алғыс  хаттармен және  сыйлықтармен  марапаттады.