Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Мұсанов Айтқали Мұсанұлын еске алу кеші.
20-12-2021 11:47
Мұсанов Айтқали Мұсанұлын еске алу кеші.
14 желтоқсан 2021 ж Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында № 15 жалпы орта білім беретін мектепте ұзақ жылдар ұстаздық қызмет атқарған, өзінің саналы ғұмырын сапалы шәкірт тәрбиелеуге арнаған Мұсанов Айтқали Мұсанұлын еске алу кеші өтіп, сонымен қатар Мұсанов Айтқали Мұсанұлы атындағы эстетикалық тәрбие кабинеті ашылды. Іс-шараға Шәкәрім атындағы университеттің құрметті профессоры, Қазақстан суретшілер одағының және дизайнерлер одағының мүшесі Утепбаев Нұрбұлан Нұғұманұлы бастаған достары Еркебуланов Б.Ш., Елеусинов М.А., Тогусов Б.М., ардагер ұстаздар Пушин Б.Ю., Зиятдинова Л.С, ағамыздың жұбайы Қайша апамыз қатысып, әдемі әңгімелерін айтып, осындай игі іске бастамашы болған мектеп директоры А.Уажановқа алғыстарын білдірді. 

Алдағы уақытта бұл кабинеттен Айтқали Мұсанұлының өнерлі ізбасарлары тәрбиеленіп шығатынына сенімдіміз!