Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
READx онлайн оқырмандар қалалық конференциясының қорытындысы
15-12-2021 17:45
READx онлайн оқырмандар қалалық конференциясының қорытындысы

2021 жылғы  14 желтоқсанда  Ж. Аймауытов мектебінің  базасында  «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасы аясында Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылығына   арналған «Семей өңірі ұлы тұлғаларының бірі  Ж.Аймауытов – ұстаз, публицист, драматург,  қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі» тақырыбындағы  READx онлайн оқырмандар қалалық конференциясы өткізілді. READxбарысында оқушылар   өздері оқыған Ж.Аймауытов шығармаларын баяндама түрінде насихаттап, қалың оқырманға жарнамалады.

Конференция жұмысына  Павлодар қаласындағы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы университтің  филология ғылымдарының кандидаты, профессор Зейнулина Айман Файзоллақызы, Шәкәрім университеті филология ғылымдарының  PHD докторы, Әубәкір  Қарлығаш Әділханқызы қатысып, оқушылардың жұмысына оң баға берді.

Конференция қорытындысы бойынша  Ы. Алтынсарин атындағы №37 гимназияның оқушысы  Қизатова Әсел І орынды иеленді.