Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Біздің ел Қазақстан, болашағы - «Жас Ұлан!»
14-12-2021 18:08
«Біздің ел Қазақстан,  болашағы - «Жас Ұлан!»

«Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер қозғалысының негізі балалардың, болашақ қазақстандықтардың, патриоттар мен белсенділердің жаңа буынын қалыптастыру болды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні және Тәуелсіздік Күні мерекелері қарсаңында қаланың барлық мектептерінде салтанатты жиындар өтті, онда «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қаланың 5000-ға жуық оқушысы қабылданды.

2021 жылдың 14 желтоқсанында Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында Семей қаласы бойынша «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Біздің ел Қазақстан, болашағы –«Жас Ұлан!» атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жасұландықтарды қатарға қабылдау рәсімі өтті.  Жиында салтанатты түрде 100 үздік оқушы Қазақстан Республикасының «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қоғамдық бірлестігінің қатарына кірді.

Қаланың үздік 100 оқушысын «Жас Ұлан» қатарына қабылдау рәсімін  Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназияның мұғалімі, республикалық«Жыл педагогы-2020» байқауының жеңімпазы Сағатбекова Жанар Қаликанқызы, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның мұғалімі, республикалық «Үздік педагог -2021» байқауының жеңімпазыДүрмекбаева Жанар Нұрлыбекқызы және білім ардагері Адаричев Валерий Алексеевич салтанатты түрде галстуктерін байлап, барша қатысушыларға  жүрекжарды лебіздерін білдірді.

«Жас Ұлан» ұйымының қатарына кірген балалар салтанатты түрде ант беріп, жүздерінен мақтаныш сезімі білініп, отанын сүю бақытына  бөленді!

Еліміздің болашағыжас ұрпақтың қолында!