Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Қашықтық «Күмбірле, қазақ үні!»атты аймақтық байқау
22-11-2021 10:33
Қашықтық «Күмбірле, қазақ үні!»атты аймақтық байқау

2021  жылы 19  қараша күні «Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы» КМҚК, «ШҚО Семей қаласы білім бөлімі»ММ-мен бірлесе отырып қашықтан Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180  жылдық мерейтойына орай, аймақтық «Күмбірле, қазақ үні!»  байқауын ұйымдастырып өткізді.

Шараның мақсаты:

-ұлттық дәстүрлі шығармаларды жас ұрпақ бойына сіңірту;

-әр халықтың музыкалық мұрасын қастерлеп, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.

Байқау келесі жанр бойынша өтті: «Аспапта ойнау» .

Аспапта ойнау жанрында 9 – 13, 14 – 17 жас ерекшелігі арасында қатысушыларымыз сайысқа түсті. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша:

        Бас жүлдені «Наркескен» квартеті мен «Ақ қанатты домбыра» ансамбліне бұйырса,

  • I – орынды Смаков Аңсар, Қыдырманов Дәурен, Нургазин Арнур, Мухамедьяров Дамир   алды.
  • II – орынды Ғали Кәусар мен Орынбеков Нұрсәт бөлісті.
  •  III – орынды  Әуезов атынд.педагогикалық колледж студенттері Хурманбай Чингисбай және Жеңісхан Ұлағат, сонымен қатар басқа да қала мектептерінің оқушылары Сайдахмет Аружан, Байғанова Аружан, Жеңісбек Айзада, Жеңісбек Айзат, ОразтаевЕрұлан алды.

 

Жеңімпаздар:  кубок, дипломмен ал, қатысушылар бағалы сыйлық, грамота, жетекшілері алғыс хатпен марапатталды. 

Байқау өз мәресіне жетіп, қатысушылар алғыс білдірді.