Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Республикалық ашық Эко сабақ өтті.
22-11-2021 09:40
Республикалық ашық Эко сабақ өтті.

2021 жылғы 19 қарашада ҚР экология,геология және табиғи ресурстар министрі С.А. Беркешев, "ӨКМ Операторы" ЖШС Басқарма төрағасы М. К. Құмарғалиевтың қатысуымен "Экологиялық сауаттылық - болашақтың негізі" атты республикалық ашық сабақ өтті. Нұр-сұлтан, Қарағанды және Семей қалаларының оқушылары өз ойларымен бөлісіп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Семей қаласы бойынша №3 мектеп –кешенінің оқушылардан құралған эковоллентерлері қатысты. Олардың экологиялық сұрақтарына түсініктеме берілді: ЖЭО құрылысы жоспарлануда, мәселе Үкіметтік деңгейде талқыланды. "ӨКМ Операторы" өкілдері балалардың экоинициативтері келесі жылдар бойы сақталатынына сендірді. Үлкен белсенділік танытып отырған Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстаннан басқа, республикалық ауқымдағы іс-шаралар және Қазақстанның басқа өңірлерін қосу ұйымдастырылатындығы айтылды.