Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Ұйымдар арасында "Бірге оқимыз" жобасын іске асыру туралы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
19-11-2021 17:53
Ұйымдар арасында

Балаларды оқуға деген сүйіспеншілікке баулу, ата-аналар, педагогтер арасында оқу мәртебесін арттыру, мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие-білім беру процесінің сапасын жоғарылату және жақсарту, мәдени оқырмандық құзыреттілікті дамыту мақсатында «Бірге оқимыз»  жобасы тақырыбында кезекті әдістемелік сағат өткізілді.

Балабақша ұжымдары бұл жобаның қалай жүзеге асырып жатқаны туралы №8 «Балбөбек» (әдіскер Г.К. Акылбаева),  «Baby care» (әдіскер Е.Н. Чернышева), «Байшешек» (әдіскер А.К. Баубекова), №6 «Нурсауле» (әдіскер А.Т. Калифанова)   өз тәжірибелерімен бөлісті.

Балабақшаларда танымал балалар туындыларының QR-кодтары бар тақырыптық стендтер орналастырылған (өлеңдер, ертегілер, мақал-мәтелдер), картотекалар, бейне және медиатекалар жасалды, педагогтар шығармашылық платформалар құрып, оқырмандық белсенділікті арттыру бойынша ата-аналармен ынтымақта акциялар өткізеді, тәрбиеленушілердің қолымен кітаптар жасалды, ата-аналарға арналған оқырмандар клубтары құрылды.