Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 1 «Арман» бөбекжайының мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық тәрбиесі бойынша іс-тәжірибесі
19-11-2021 12:55
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 1  «Арман» бөбекжайының мектеп жасына дейінгі  балалардың экологиялық тәрбиесі бойынша іс-тәжірибесі

2021 жылдың 17 қарашасында «Отбасы орталығы» қоғамдық қоры мен білім бөлімінің ұйымдастыруымен "№1" Арман" бөбекжайының мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық тәрбиелеу бойынша іс-тәжірибесі" тақырыбында қалалық онлайн семинар өтті.

Семинар бағдарламасында "Отбасы орталығы" ҚҚ президенті Жанна Жақпарқызы Жибраева мен  ШҚО білім басқармасы тұлғаның рухани-адамгершілік дамуы және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысыАсем Хасенқызы Нускенова семинар тақырыбының өзектілігін атап өтті.                                                                                                                                                            

Іс шараның мақсаты: мектеп жасына деййінгі балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, үздік тәжірибемен бөлісу. Семинарда қала балабақшаларының педагогтарына экологиялық тәрбие бойынша өз іс-тәжірибесін ұсынылып, экологиялық тәрбиеге арналған әр-түрлі іс әрекеттерден бейне роликтер, презентация слайд түрінде екі тілде көрсетілді.  Балабақша әдіскерлері Кодашева А.Р., Бектембаева А.Ф. балабақшаның жұмысын сипаттап  толық мәлімет берді. Тәрбиешілер Батишева Ж.Ж., Толукбаева Г.Е. балалармен ашық оқу қызметін, серуен, тәжірибе әрекеті, ата-аналар мен балалардың бірлескен шығармашылық жұмысы бойынша «Күздің ғажайып сыйы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

Өткізілген іс-шара педагогтарды, қызметкерлерді балалармен бірлескен жұмыстың қызықты, шығармашылық нәтижелеріне ынталандырды. Семинарға қатысқан жас педагогтар өздеріне көптеген жаңа идеялар алды.