Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Жаратылыстану- математикалық циклы пәндері бойынша XІV Президенттік олимпиада қорытындысы
19-11-2021 09:58
Жаратылыстану- математикалық циклы пәндері бойынша XІV Президенттік олимпиада қорытындысы

ҚР БжҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 15-18 қараша аралығында Қарағанды қаласындағы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті базасында жаратылыстану-математикалық циклы пәндері бойынша XІV Президенттік олимпиада өткізілді.

Олимпиада 11 сынып оқушылары арасында математика, физика, химия, биология пәндерінен өтті. Олимпиадаға Қазақстанның барлық аймақтарынан іріктеу кезеңінің 182 жеңімпазы қатысты.

Қатысушыларға арнап Теміртау қаласындағы Тұңғыш президенттің тарихи-мәдени орталығына және «Қысқы баққа» экскурсия ұйымдастырылды.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша  - «Жеңіске деген құштарлық үшін» дипломдарымен Исмагулова Александра және Тайлакбаев Темірлан - Семей қаласының Экономикалық лицейінің 11-сынып оқушылары марапатталды.

Тайлақбаев Темірлан, Исмагулова Александра  С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің грантына ие болды.

Олимпиадаға қатысушылардың барлығына С.Утебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде тегін оқуға сертификаттар берілді.

Барлық қатысушыларға ҚР БжҒМ «Дарын» РҒПО сертификаттары табысталды.

Олимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!