Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Қала мектептерінің әлеуметтік педагогтары қазіргі жағдайдағы жұмыс тәжірибесін, проблемалары мен перспективаларын талқылау үшін панельдік пікірталасқа жиналды.
18-11-2021 22:45
Қала мектептерінің әлеуметтік педагогтары қазіргі жағдайдағы жұмыс тәжірибесін, проблемалары мен перспективаларын талқылау үшін панельдік пікірталасқа жиналды.
Әлеуметтік педагогтың жұмысының өзектілігі-оқушыға өмірде өз орнын табуға, тәуелсіз, шығармашыл, жан-жақты дамыған тұлға болуға көмектесу.
Әлеуметтік-педагогикалық қызмет профилактикалық, оңалту, түзету және дамыту іс-шараларының кешенді түрде, сондай-ақ өмірдің әртүрлі салаларын педагогикалық тұрғыдан тиімді ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады. 
Пікірталас барысында мектептегі әлеуметтік педагогтың міндеттері, "тәуекел тобындағы" балалармен, ата-аналармен, құқық қорғау органдарымен, оқушылардың әлеуметтік қорғалмаған отбасыларымен, педагогикалық ұжыммен жұмыс істеу ерекшеліктері талқыланды. Талқылау барысында мектептің қоғамның барлық құрылымдарымен: қоғамдық ұйымдармен, кәсіпорындармен,  жанұялық  дәрігерлік амбулатория,оқу орындары  және мекемелермен, кооперативтік бірлестіктер, пәтер иелерімен өзара іс-қимыл орнату өте маңызды деген қорытындыға келді. Жетекші буын   әлеуметтік педагог болу керек.Бұл оңай міндет емес, сондықтан да қатысушылардың өздері балалардың  қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін  өзара әрекеттесудің  тиімді жолдарын ұсынды