Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Үздік балабақша тәрбиешісі» облыстық байқауының қалалық кезеңі
18-11-2021 16:18
«Үздік балабақша тәрбиешісі» облыстық байқауының қалалық  кезеңі

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында "Шығыс" өңірлік орталығының іс-шаралар жоспары негізінде "Балабақшаның үздік тәрбиешісі"облыстық конкурсының қалалық кезеңі өткізілді.

Байқауға қалалық сегіз мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілерінен өтінім түсіп, мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдардың жас және тәжірибелі тәрбиешілері қатысты.

Қатысушылар байқауға бейне презентациялар, эсселер, ұйымдастырылған оқу қызметтерінің  әзірлемелерін, ата-аналармен жұмыс бойынша іс-шаралар мен портфолиоларын  ұсынды.

Қазылар алқасы ұсынылған материалдар мазмұнының сапасын, жұмыстардың түпнұсқалығын, өзектілігі мен заманауи талаптарға сәйкестігін, практикалық бағыттылығын бағалады.

Бағалау бойынша қазылар алқасының қорытындысы шығарылды:

I орын – Ныгыманова Жансая Толегеновна,  «№1 «Арман» бөбекжай-бақшасы» КМҚК

II орын – Попова Елена Николаевна, «№5 «Бала әлемі» бөбекжай-бақшасы» КМҚК,  Тусипжанова-Шагирова Акмарал Темирбековна «Өрлеу» балабақшасы ЖШС

III орын – Тұрысбек Жадыра Берікқызы,  «Тұлпар» шағын орталығы  ЖШС

       Мәмиева Бакыт Кайрбекқызы,  «Ер-таң1» балабақшасы ЖШС

       Тилектесова Дария Асқарқызы, «Айналайын» шағын орталығы  ЖШС

Номинациялар:

  •  «Ізденімпаз тәрбиеші» - Жакина Назгуль Сагындыковна, «Немере» балабақшасы ЖШС
  •  «Замануи тәрбиеші» - Оралтаева Гульшат Бериккалиевна, «Айым» балабақшасы ЖШС тәрбиешісі

Жүлделі орындарға ие болған қатысушылардың материалдары «Балабақшаның үздік тәрбиешісі» байқауының облыстық кезеңіне жіберілді.