Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
“Жас Сарбаз” балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы” Республикалық қоғамдық бірлестігінің 17 аймақтың төрағаларымен оқу-әдістемелік жиыны
18-11-2021 15:03
“Жас Сарбаз” балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы” Республикалық қоғамдық бірлестігінің 17 аймақтың төрағаларымен оқу-әдістемелік жиыны

"Біртұтас ұлт - біртұтас әскер" бағдарламасы аясында “Жас Сарбаз” балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы” Республикалық қоғамдық бірлестігінің 17 аймақтың төрағаларымен оқу-әдістемелік жиыны өтті.

Жиын барысында "Жас сарбаз" аймақтық филиалдарының 2021 жылы атқарған жұмыстарына талдау жүргізіліп, алдағы 2022 жылға әскери-патриоттық бағыттағы тапсырмалар қойылды. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдармен және ардагерлер ұйымдарымен өзара іс-қимыл, ораторлық шеберлік бойынша нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өткізілді. Төрағалар "Жас сарбаз" қозғалысының 3 жылдығына арналған салтанатты концертке қатысты.

Жиын қорытындысы бойынша төрағалар Бас штаб бастығының орынбасары - генерал-майор С.Ж. Борамбаевтың алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, Атырау облысының өкілі Елеуов Нұрлан Мұхаметжанұлына, Шығыс Қазақстан облысының өкілі Түсіпов Серік Асаубайұлына, Алматы облысының төрағасы Қасенов Айбол Батырболұлына Қорғаныс министрлігінің алғыс хаттары мен сағаттары табысталды.