Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
STEMKyzdar жобасы
18-11-2021 14:50
STEMKyzdar жобасы

2021 жылдың қарашаның 18 күні Семей қаласында  STEMKyzdarбілім беру жобасына қатысушылар марапатталады, онда Шығыс Қазақстан облысының мектеп оқушылары мен мұғалімдері STEM-дағдылары мен сыни ойлау бойынша оқудан өтуде. STEMKyzdarжобасын ұйымдастырушы – «БҰҰ-әйелдер» құрылымының қолдауымен СaravanofKnowledge.

STEMKyzdarжобасы Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне бағытталған.

STEMKyzdarжобасында мектеп оқушылар жобалау әдісінің негізінде оқиды: олар өмірден алынған шынайы мәселелерді шешеді, бағдарламалау мен робот техникасын үйреніп, алған білімін қолдана отырып, роботтар жасайды. Сонымен қатар, олар командада жұмыс жасауды, жұртшылық алдында сөз сөйлеуді, өзін және өз жобасын таныстыруды, сыни және шығармашылық ойлауды үйренеді. Мұндай дағдылар оларға STEMKyzdarжобасының аясында ғана емес, сондай-ақ одан тыс салаларда – жарыстар мен олимпиадаларда, одан арғы оқуында және мансабында көмектеседі. 

STEMKyzdarжобасында мектеп оқушылары мен қатар, педагогтарда білім алады. Тренингке жаратылыстану-математика пәндерінің - математика, физика, химия, биология, информатика пәндерінің мұғалімдері қатысады.  STEM-әдістемелері жынысына, дініне, ұлтына немесе тәсіліне қарамастан, барлығына одан арғы оқуы мен мансабын қамтамасыз ететін дағдыларды меңгеруге бірдей мүмкіндік береді.