Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша білімдегі олқылықтар және оларды шешу жолдары» облыстық семинардың қорытындысы
18-11-2021 09:34
«Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша білімдегі олқылықтар және оларды шешу жолдары» облыстық семинардың  қорытындысы

2021 жылғы 16  қарашада  онлайн жүйеде қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің облыстық Ассоциациясының 1 семинары болып өтті. Семинарға Шығыс Қазақстан облысы бойынша 19 ауданның әдіскерлері,   ассоциация жетекшілері, пән мұғалімдері қатысты. Отырыста білімдегі олқылықтардың орнын толықтыруға арналған оқушылармен жұмыс, 472 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жасау,т.б.  өзекті мәселелер қамтылды. Аталмыш облыстық семинарда Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімдері Агибаева Галия Мубараковна, Каптагаева Шынар Болсынбековна «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша білімдегі олқылықтар және оларды шешу жолдары» тақырыбында  өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.