Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Үздік өзін-өзі тану мұғалімі» Республикалық байқауының облыстық кезеңі
15-11-2021 18:17
«Үздік өзін-өзі тану мұғалімі» Республикалық байқауының облыстық кезеңі

«Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» КЕ АҚ бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізілетін «Үздік өзін-өзі тану мұғалімі» Республикалық байқауының облыстық кезеңі 2021 жылғы 10-11 қараша аралығында өтті. Байқаудың мақсаты – «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының идеяларын жүзеге асыру бойынша озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, өзін-өзі тану педагогтері еңбегінің беделін қолдау және арттыру.

Байқауға қалалық және аудандық кезеңінің жеңімпаздары – білім беру мекемелерінің 19 «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі қатысты.  Байқаудың облыстық кезеңінде «Өзін-өзі тану сабақтарындағы педагогикалық идеялар мен инновациялар», «Сабақтан тыс қызмет бойынша әзірлеме» (жұртшылық алдында қорғау), «Өзін-өзі тану мұғалімінің жұмысындағы цифрлық ресурстар» (сабақ үзіндісін көрсету) конкурстық тапсырмалар орындалды. Байқаудың қорытындысы бойынша «№38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» КММ «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Шакиртова Маржан Сериккановна ІІІ орынды жеңіп алды.

Байқаудың жүлдегерін құттықтаймыз!